Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларының XXV қысқы олимпиада ойындарындағы 21 ақпанға арналған жарыс кестесі жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бүгін Қазақстан спортшылары үш спорт түрі бойынша медаль үшін жарысқа шығады.
Сағат 15:00-де ерлер арасында 50 шақырымдық жаппай сөре форматындағы жарыс өтеді. Бұл сайыста Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков ел намысын қорғайды.
Сағат 14:45-те фристайл-акробатикадан командалық жарыстар басталады. Бағдарламада іріктеу және финал кезеңдері қарастырылған. Қазақстан құрамасы сапында Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асан Асылхан өнер көрсетеді.
Ал сағат 19:50-де конькимен жүгіру спортындағы соңғы олимпиадалық жарыс – әйелдер арасындағы жаппай сөре өтеді. Қазақстан атынан Елизавета Голубева қатысады.
Еске салайық, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров олимпиада ойындарының гала-шоуына қатысады. Қазақстан көрермендері гала-концерттің трансляциясын 21 ақпан, сағат 23:55-те Jibek Joly телеарнасынан тамашалай алады.
