Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Михаил Шайдоров олимпиаданың гала-шоуында өнер көрсетеді

Фото: Оlympic.kz
Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров олимпиада ойындарының гала-шоуына қатысады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Миландағы гала-концерт 21 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталып, 2,5 сағатқа созылады.

Шоуға мәнерлеп сырғанаудан аяқталған жарыстардың жүлдегерлері, сонымен қатар командалық сында өнер көрсеткен кей спортшылар қатысады. Олар көрерменге көрсетілімдік бағдарламаларын ұсынады, — делінген Олимпиаданың ресми сайтындағы хабарламада.

Михаил Шайдоров
Фото: instagram.com/isufigureskating/

Михаил Шайдоров гала-шоуда «Кунг-фу Панда» мультфильмі стиліндегі көрсетілімін орындайды.

Қазақстан көрермендері гала-концерттің трансляциясын 21 ақпан, сағат 23:55-те Jibek Joly телеарнасынан тамашалай алады.

Мақалаға реакция