Алматыда студенттік жатақханалар саны арттырылып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қалалық жастар саясаты басқармасының мәліметінше, мегаполисте 221 мыңнан астам жоғары оқу орны студенті білім алып жатыр, олардың 145,4 мыңы – өзге өңірлерден келген жастар.
Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді, алайда шамамен 11,6 мың орынға қажеттік бар. Студенттік орын тапшылығын азайту мақсатында Алматы әкімдігі мен ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп, ел бойынша бірыңғай жобалық кеңсе құрды. 2023–2025 жылдары аясында қалада 8 273 орындық 30 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жобалық кеңсе үйлестіруімен 2023 жылы 14 жатақхана (3 969 орын), 2024 жылы 16 жатақхана (4 304 орын), ал 2025 жылы 13 жатақхана (4 500 орын) іске қосылды, — делінген хабарламада.
Жаңа нысандардың құрылысы студенттердің жатақханаға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
