Алматыдағы жатақхана құрылысын әкім бақылып отыр

Алматыда жыл басынан бері төрт жеке меншік және екі жоғары оқу орнына тиесілі жатақхана тұруға берілді. Жыл соңына дейін тағы бес жатақхана салынып бітіп, беріледі. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков хабарлады.

Біз үшін Алматыда білім алып жатқан студенттердің қолайлы жағдайда тұрғаны аса маңызды. Осы бағытта инвесторларды қолдаймыз, жоғары оқу орындары мен жеке әріптестер үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз. Бұл жай құрылыс емес, бұл – ертең қаланы дамытуға атсалысатын жастарға жасалған инвестиция, — деді Азамат Қалдыбеков.

бөлме, жатақхана
Фото: Алматы әкімдіігі

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында қалада жалпы сыйымдылығы 1 115 орынға арналған алты жатақхана берілді. Оның төртеуі – жеке меншік, екеуі – ЖОО-ларға арналған. Жыл соңына дейін тағы 4 934 орынға шақталған бес нысан тұруға беріледі.

Жобалардың жүзеге асу қарқынын арттыру және бизнестің қызығушылығын күшейту үшін Алматыдағы ұлттық ЖОО-лар үшін ғимараттарды жатақханаға бейімдеуге берілетін мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғайяды. Бұрын бұл көрсеткіш бір орынға 92 АЕК болса, енді ол 182 АЕК-ке дейін артты.

бөлме, жатақхана
Фото: Алматы әкімдіігі

Бұл инвесторлар үшін елеулі ынталандыру болып отыр. Нәтижесінде жатақхана құрылысы жылдамдап, студенттер заманауи әрі жайлы тұрғын үйде тұрады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да