Не болды?
Биыл Үлкен Алматы көліне жаяу баруға болатын соқпақ салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, соқпақтың ұзындығы 5,3 шақырым болады.
Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтың айтуынша, соқпақ салуға 665 млн теңге бөлінген. Құрылысты биылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр Үлкен Алматы көліне кіру бекеті автоматтандырылған еді.
