Не болды?
Семей халықаралық әуежайына авиаотын бағасын өсіргені үшін 8,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысына қарасты департаменті «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-ға қатысты тергеу барысында кәсіпорынның авиаотынға жоғары баға қойғанын және үстемдігін теріс мақсатта пайдаланғанын анықтады.
Агенттік мәліметіне қарағанда, бұл — Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 1-тармағында көрсетілген бәсекені қорғау саласындағы заңнаманы бұзу.
Семей қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша, ЖШС кінәлі деп танылып, 8,8 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және монополиялы қызмет арқылы алынған 8,5 млн теңге кірісі тәркіленді, — делінген агенттік хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Атырау әуежайында жолаушының орынсыз «әзілі» үшін қылмыстық іс қозғалған еді.
