Қазақстанда 103 мың жұмыс орны бос тұр

Не болды?

Жыл басынан бері Enbek.kz жүйесіне 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 162,4 мың түйіндеме жүктелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде жұмыс іздейтіндер бос жұмыс орындарынан да көп. Шамамен, бір жұмыс орнына 1,58 түйіндемеден келеді. 

Қай салада вакансия көп?

Вакансияның жартысына жуығына — 48,9 мың (47,6%) орынға жұмысшы керек.

Бұдан бөлек:

  • мейірбике — 1,9 мың;
  • санитар мен автомобиль жүргізушісіне — әрқайсы 1,8 мыңнан;
  • математика пәнінің мұғаліміне — 1,7 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Қай қалада бос жұмыс орны көп?

  • Астанада — 8,9 мың;
  • Түркістан облысында — 7,3 мың;
  • Қарағанды облысында — 7,1 мың;
  • Алматы қаласында 6,9 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Қай қалада жұмыс іздейтіндер көп?

Түркістан облысы, Алматы, Астана, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда өңірлері Enbek.kz жүйесіне түйіндемесін жүктеп, жұмыс іздегендер саны бойынша көш бастап тұр.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр елімізде жұмысынан айырылған 354,2 мың азамат әлеуметтік төлем алған еді.