Президент Уашиңтонда отандастарымызбен кездесті

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, сапар аясында мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сонымен қатар АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Уашиңтонда отандастарымызбен кездесті.

Уашиңтонда президент Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сонымен қатар мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.