Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды белгісіз ер адамдар ұрлап кетпек болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиға сәті жақын маңдағы үй ауласында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда ер адамдардың жасөспірімді қолынан тартып, күштеп көлікке отырғызуға тырысқаны көрінеді. Алайда күдіктілердің әрекеті жүзеге аспай қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 13 жастағы қыз баланы ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен екі адам ұсталды.
Полицияға екі белгісіз адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды алып кетпек болғаны туралы хабарлама түскен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген әрекеттер ерекше бақылауда болады және қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылады, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
