Семейде 66 жастағы тұрғын учаскелік полицияға тиесілі екі көлікті өртеді. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның көліктерге бензин шашып, оларға от жаққаны көрінеді.
Полиция мәліметінше, оқиға 25 қаңтар күні сағат 18:10 шамасында болды. Күдікті мас күйінде көліктерге от қойған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекс бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін 12 975 000 – 30 275 000 теңгеге дейінгі айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
