Қазақ видеограф әлемдегі үздік тревел-блогер болды

Қазақ видеограф Дастан Мұхамедрақым әлемдегі үздік тревел-блогер атағына ие болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Блогер желідегі парақшасында World Influencers and Bloggers Awards (WIBA Awards) 2026 марапаттау кешіне шақыру алғанын мәлімдеді.

Блогердің айтуынша, марапаттау рәсімі Францияда, Cannes Film Festival аясында ұйымдастырылады. WIBA Awards — түрлі салалар бойынша үздік инфлюенсерлер мен блогерлерді марапаттайтын халықаралық жоба.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dastan Mukhamedrakhim (@bydastann)

Францияда Канн кинофестивалімен қатар өтетін WIBA Awards деген жерге мені де шақырды. Белгілі бір саладағы үздіктерді марапаттайды екен, – дейді Дастан.

Ол 22 мамырда Францияға барады.

Еске салайық,  бұған дейін Instagram-ның ресми парақшасы қазақ блогер әрі саяхатшы Дастан Мұхамедрақымның видеосын жариялаған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да