Ауа райына байланысты республикалық трасса жабылды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» 367–473 км (Келлеровка – Бескөл);

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ)» 407–429 км (Ақмола облысының шекарасы – Чистополье).

Ақмола облысы

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» 18–232 км (Астана – Щучинск).

Ақтөбе облысы

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» 0–234 км;

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» 11–337 км;

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» 965–1240 км.

Қызылорда облысы

  • Аталған халықаралық дәліздің 1240–1362 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал).

Қостанай облысы

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» 234–385 км.

Атырау облысы

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы)» 337–346 км (Сағыз ауылы маңы).

Павлодар облысы

  • «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы (Амангелді)» 0–263 км;

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы.

Шығыс Қазақстан облысы

  • Осинов асуында тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 км (Северное – Серебрянск) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Компания жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын жолдардың жай-күйін нақтылап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да