Қысқы олимпиада: Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі

17 ақпан күні Италияның Милан және Кортина қалаларында XXV қысқы олимпиада ойындарының 10-шы жарыс күні басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бүгін 10 қазақстандық спортшы бес спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — шаңғы қоссайысы, биік тұғыр
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

14:45 — фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас

17:30 — фристайл-акробатика, іріктеу (ерлер)
Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов

17:45 — шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

18:52 — конькимен жүгіру, командалық із кесу (әйелдер, жартылай финалдар, финал)
Қатысушы: Қазақстан құрамасы

22:45 — мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер)
Қатысушы: Софья Самоделкина.

Еске салайық, Михаил Шайдоров Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын жеңіп алды.