Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қажымұқан көшесі, 37-үй мекенжайында орналасқан нысан заңсыз болып шықты.
Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында құрылысқа рұқсат беру құжаттарының жоқ екені анықталды. Осыған байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, материалдар сотқа жолданды.
2025 жылғы 12 тамызда Алматының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы талап-арыз қанағаттандырылды. Сот шешімі бойынша, нысанды бұзу жұмыстары меншік иесінің өз күшімен жүргізілді, — делінген хабарламада.