Не болды?
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал оны республикалық референдумда қабылдаған күн мемлекеттік мереке Конституция күні болып жариялануы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа Конституциясының соңғы жобасын 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарады. Он бірінші, соңғы «қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімінің 94 және 95-баптарында:
- жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді;
- осы күннен бастап бұрын қолданыста болған Конституцияның күші жойылады;
- Конституцияны референдумда қабылдаған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституция күні болып жарияланады деп жазылған.
Өтпелі ережелерге сәйкес, 1995 жылғы Конституция негізінде жасақталған қазіргі парламент 2026 жылғы 1 шілдеде өз қызметін тоқтатады. Кейін жаңа заң шығарушы органның сайлауы өтеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Конституцияның жаңа мәтінін сайтымызға жариялаған едік.
