Не болды?
Кіші Аралдағы су көлемі 23 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Almaty.tv ақпаратына қарағанда, кіші Аралдағы су көлемі 23 миллиард текше метрге дейін артқан. Қазір Ақлақ гидроторабы арқылы секундына 50 текше метр су келіп жатыр. Жыл соңына дейін қорғаныс бөгетін нығайтып, Солтүстік Аралды құтқару жобасының жаңа кезеңін іске асыру жоспарланып отыр.
Жыл сайын Кіші Аралдан 8 000 тоннаға дейін балық ауланады. Қаратөбе ауылының тұрғыны Әзімбай Жолмырзаевтың айтуынша, қазір судың тұздылығы артқан. Бұл балықтың тірі қалуына мүмкіндік береді.
Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттерінің су ресурстары министрі кездескенде әр елге келетін су көлемін мемлекеттер арасында тең бөлу туралы шешім қабылданған ежі. Қазір біз өз мүмкіндігімізді толық пайдаланып отырмыз, — деді «Қызылорда сушар» өндіріс бөлігінің басшысы Жорабек Нұрымбетов.
2022 жылы Арал маңындағы Көкарал бөгеті жаңарып жатыр. Жөнделіп біткен соң, теңізге тұрақты түрде келіп құятын су көлемі де артады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Арал теңізінің құрғаған табанына 53 млн сексеуіл көшеті егілетіні туралы жазған едік.
Былтырғы жылдың басында, Арал теңізінің суы 42%-ға артты.
