Балалар арасындағы қызылша: иммундау жұмыстары күшейеді

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген.

Биыл 1 951 адам қызылша жұқтырған

Жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Алматы қалаларында, сонымен қатар Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады. Жағдайлардың басым бөлігі бес жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Науқастардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар. Оның ішінде екпеден бас тарту себепті егілмегендер де бар, — делінген үкіметтің хабарламасында.

Маңғыстауда екпемен қамту деңгейі төмен

Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сонымен қатар халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да