Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 11 ақпандағы жарыс кестесі

11 ақпанда Италияның Милан және Кортина қалаларында XXV қысқы олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бүгін жеті қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — шаңғы қоссайысы, қалыпты тұғыр
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.

15:00 — фристайл-могул, екінші іріктеу (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

17:45 — шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.

18:15 — биатлон, жекелей жарыс (әйелдер)
Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева.

18:15фристайл-могул, финал (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова (іріктеуден сәтті өткен жағдайда).