Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстан азаматы Қырғызстанда есірткімен ұсталды

Фото: Polisia.kz
Қазақстан азаматы Қырғызстанда ірі көлемде есірткімен ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған. Күдіктіден 5 килограмм «альфа-PVP» синтетикалық есірткісі табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 282-бабы – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың баламаларын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасы ҰҚМК-нің тергеу изоляторында қамауда отыр. Есірткі тасымалын ұйымдастырушыларды анықтауға бағытталған қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес, психотроптық заттарды және олардың баламаларын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу үшін мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақалаға реакция