Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында су тапшылығы биыл да жалғасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Суды үнемдеу — басты басымдық. Қазіргі таңда суармалы жерлердің үштен бірінен астамы су үнемдеу технологияларымен қамтылған. Соның нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр су үнемделді. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқап осы технологиямен қамтамасыз етіледі, — деді премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Премьер-министр су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрліктеріне көрсеткіштерді бұрмалауға жол бермеу міндетін жүктеді. Қажет шаралар су тапшылығына байланысты уақтылы қабылданатын болады.
