Қысқы олимпиада жүлдегерлері медалінің бауы үзіліп кеткен

Не болды?

2026 жылғы қысқы олимпиада ойындарында үш спортшы медалінің бауы үзіліп, жарамсыз болып қалған. Ұйымдастыру комитеті мұның себебін анықтауға уәде берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

BBC басылымының мәліметіне қарағанда, 9 ақпан күні АҚШ-тың олимпиада чемпиондары, тау шаңғышы Бризи Жонсон мен мәнерлеп сырғанаушы Алиса Лу ұйымдастырушыларға шағымданған. Марапаттау рәсімінен кейін көп ұзамай олардың алтын медалінің бауы үзіліп кеткен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 刘美贤 Alysa Liu (@alysaxliu)

Жонсон баспасөз конференциясында медалі мен үзіліп қалған бауын көрсеткен. Ал Лу медаль мен бауды бөлек ұстап тұрған видеосын жариялаған.

Қола медаль жеңіп алған Германия биатлон құрамасының мүшелерінде де осы жағдай болған. Жеңісті тойлап жатқан спортшылардың бірінің медалі үзіліп кетіп, жерге түскен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от DSV Biathlon (@dsv_biathlon)

Ұйымдастырушылар не дейді?

Ұйымдастыру комитетінің өкілі Андреа Франциси бұл жағдайдан хабардар екенін, оны тексеріп жатқанын айтты.

Медальдарға ерекше назар аударамыз. Марапат табыстау спортшы үшін ең маңызды сәттердің бірі екенін түсінеміз, сондықтан бәрі мінсіз болғанын қалаймыз, — деді ол.

АҚШ-тың олимпиада және паралимпиада комитеті BBC-ге америкалық делегацияның мәселені шешуді күтіп отырғанын хабарлаған. Спортшыларға жүлдесін ауыстырып беруі мүмкін.

Бұған дейін де медальдар ауыстырылған

Жүлде сапасына қатысты мәселе бұған дейін де болған. BBC дерегінше, 2025 жылы Парижде өткен 2024 жылғы жазғы олимпиаданың медальдары қарайып кеткен, кейбірі сынып қалған. Олимпиададан жүлде алған 2020 спортшы ұйымдастырушылардан медалін ауыстырып беруді сұраған. Сол кезде барлық медальді ауыстыруға уәде берілген.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан құрамасының 10 ақпандағы жарыс кестесін жазған едік. 

Қазақстан қысқы олимпиада ойындарынан алтын алған спортшыға 250 мың доллар береді.