Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
2026 жылғы 10 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 0-77 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жайсан өткізу пункінен ЭКО ойл жанармай стансасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады, — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
