Не болды?
7 ақпан Қазақстанда ресми мереке немесе демалыс күні емес. Дегенмен бұл күн әлемнің әр елінде халықаралық, кәсіби мерекелер атап өтіледі. 7 ақпан тарихта маңызды оқиғалармен есте қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Digitalbusiness ақпаратына қарағанда, 7 ақпан күні тойланатын бейресми мерекелер:
- Өрт сөндіргіштің туған күні – 1863 жылғы 7 ақпанда америкалық инженер Алан Крей өрт сөндіруге арналған құрылғыны ойлап тапқан.
- 7 ақпан Писко сауэр атты коктейльдің күні (Перу мен Чилидің ұлттық сусыны).

- Математиктер мен инженерлердің бейресми мерекесі (e Day).
- Таңғы асқа балмұздақ жеу күні – АҚШ-та кең тараған мереке.
Кәсіби мерекелер:
- Ресейде қысқы спорт түрлерінің мерекесі. Бұл 2014 жылы Сочиде өткен олимпиаданың ашылуына орай берілген.

- АҚШ-та балет күні. Бұл классикалық бидің әртісіне, мұғаліміне әрі жанкүйеріне арналатын күн.
7 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

- 1964 жыл – Қазақ академиялық драма театрында Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» қойылымының премьерасы өтті.
- 2012 жыл – Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектер туралы медициналық анықтамалық алғаш рет электронды форматта жұртшылыққа ұсынылды.
- 2014 жыл – Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өткен Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысты.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026 жылы демалатын, Қазақстандағы мереке күндері туралы жазған едік.
