XХV қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

Не болды?

Италияның Милан және Кортина-Дампеццо қалаларында XXV қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Дәстүр бойынша салтанатты шараның маңызды сәті: спортшылар шеруі мен олимпиада алауының жануы. Қысқы олимпиада ойындары алауы қалай жағылғанын көрермен Qazsport.kz-тен көре алады.

Қысқы олимпиада ойындары
Фото: Сали Сабиров

Олимпиаданың ашылу салтанатын әйгілі Balich Wonder Studio студиясы ұйымдастырып отыр. Олимпиада тарихында алғаш рет екі алау жағылды: бірін Миландағы бейбітшілік аркасында, екіншісін Кортина-Дампеццо қаласындағы Дибон алаңында жақты.

Ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул бағыты бойынша бақ сынайтын Аяулым Әміренова алып шықты.

Қысқы олимпиада ойындары, Қазақстан
Фото: Сали Сабиров

Олимпиада ойындарында 116 медаль сарапқа салынады. Жалпы сайысқа әлемнің 93 мемлекетінен 3 500-ден аса спортшы қатысады. Италияға Қазақстаннан 36 спортшы барды.

Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығына жоспарланып отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, қысқы олимпиадада қазақ спортшылар бұған дейін қанша медаль алғаны туралы жазған едік.