Не болды?
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылша ауруының өршуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, науқастардың 79%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған, ал 8%-дан астамы вакцинаның толық курсын алмаған. Сырқаттанған балалардың 59%-ының ата-анасы вакцинадан бас тартқан.
Қызылша – ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі. Вакцина салынбаған жағдайда пневмонияға, жүйке жүйесінің зақымдалуына, мүгедектікке, тіпті өлімге дейін алып келуі мүмкін, – деп жазған министрлік.
Контекст
Естeріңізге салайық, елде 1 951 адам қызылша жұқтырғаны туралы жазған едік.
