Respublica партиясының жетекшісі жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынды

Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында мәжіліс депутаты, Respublika партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, реформаны талқылау алты айдан астам уақыт бойы жүргізілген. Осы кезең ішінде жүздеген, мыңдаған азамат өз ұсыныстарын жолдады. Комиссия мүшелері ғана емес, жұртшылық та бұл құжатты қазіргі заман талаптарына толық жауап беретін, терең ойластырылған және елдің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайтын маңызды құжат ретінде бағалап отыр. Соған орай ол жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынды.

Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде жекелеген баптардың редакциясы пысықталғаннан кейін жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық дауыс беруге – референдумға шығаруды ұсынамын, – деді депутат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да