Халық банктерден несие мен ипотека алуды азайтты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктерде халыққа несие беру қарқынының төмендеу себептерін түсіндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылы халыққа берілген несиелер 24,8 триллион теңгеге жетіп, 19,8% өскен. Бұл 2024 жылғы 23,9% өсіммен салыстырғанда баяулау болып отыр.

Халыққа берілетін несиелер құрылымында 2025 жылы:

  • Ипотекалық несиелер 14,6% өсіп, 6,9 триллион теңге болды;

  • Тұтыну несиелері 21,0% өсіп, 16,7 триллион теңге болды, бірақ бұл 2024 жылғы 33,5% өсімге қарағанда төмен.

Кепілсіз тұтыну несиелерінің өсу қарқыны 2024 жылғы 29,3%-дан 2025 жылы 14,5%-ға дейін төмендеді, ал жаңа кепілсіз тұтыну несиелерін беру 22,6%-дан 6,1%-ға дейін қысқарды. Өсуге ең үлкен үлесті автонесиелер қосып, олар бір жылда 42,4% өсіп, 4 триллион теңгеге жеткен.