Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерді заңсыз игерумен айналысқандар анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 12 адам рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып алтын өндірген. Заңсыз өндірілген алтынның жалпы салмағы шамамен 451 грамм болды.
Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөлігі бойынша тергеу басталды, ал бес күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді және қылмыстық жауаптылыққа әкеледі деп ескертілді, — делінген хабарламада.
