Қысқы олимпиада ойындары: бір билет алса, екіншісі тегін болатын науқан жарияланды

Не болды?

Milano Cortina 2026 олимпиадасын ұйымдастыратындар ашылу салтанаты билетіне 26 & UNDER науқанын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Олимпиада ұйымдастырушылары жариялаған шарт бойынша, 26 жасқа дейінгі көрермен 6 ақпандағы ашылу салтанатына ғана екі билетке бір билет бағасындай сома төлей алады. Ұйымдастырушылар билетті олимпиаданың ресми сайтынан сатып алуға, олардың шын екенін алдын ала тексеруге кеңес береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Milano Cortina 2026 (@milanocortina2026)

Ақпарат

ХХV қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпан күні Миландағы әйгілі «Сән-Сиро» футбол стадионында өтеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, туризм және спорт министрлігі өз спортшыларымыздың қысқы олимпиада ойындарындағы жарыс кестесін жариялаған еді. 

Спорт додасын қазақ көрермен Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирден тамашалай алады.

Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарына тағы төрт жолдама алды.