Илон Маск xAI мен SpaceX-ті біріктірді

Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясы өзінің xAI жасанды интеллект компаниясын сатып алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Reuters мәліметінше, бірігу нәтижесінде xAI-ға салған инвесторлар аэрокосмостық компанияның акцияларын алады.

Компаниялардың бірігуі болашақта жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарын ғарышта орналастыруға мүмкіндік береді. Ондай орталықтар толықтай күн энергиясымен жұмыс істей алады. Жоспар бойынша, компания шамамен 1,5 триллион долларлық бағамен 50 миллиард долларға дейін қаражат тарта алады. Бұл тарихтағы ең ірі IPO болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Илон Масктың айтуынша, SpaceX пен xAI-дың бірігуі зымыран технологияларын, спутниктік байланысты, жасанды интеллект пен ғарыштық деректерді өңдеу инфрақұрылымын біріктіретін кешенді инновациялық экожүйе қалыптастырады.