3 ақпанда қай қалаларда ауа сапасы төмендейді?

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 3 ақпанға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар қаласында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сонымен қатар түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеожағдай қалыптасуы мүмкін.

Мамандардың мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқамерзімді табиғи факторлар жиынтығы. Олардың қатарына тымық ауа райы, желдің әлсіз соғуы, тұман және температуралық инверсия жатады.