Екінші АЭС Алматы облысында салынады

Қазақстан үкіметі ел аумағында екінші атом электр станциясын салу туралы түбегейлі шешім қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 26 қаңтарда қабылданған үкімет қаулысы бойынша, «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы Алматы облысының Жамбыл ауданында жүзеге асырылады.

Тиісті құжат «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енді.

«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы және ядролық қондырғы құрылысының ауданы болып Алматы облысының Жамбыл ауданын анықтау туралы шешім қабылдансын, — делінген құжат мәтінінде.

Еске салайық, «Росатом» Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын Балқаш көліндегі үлкен кентінің жанында жүргізеді.