Астанада 15 жастағы жасөспірім лифт ішінде қамалып қалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға А.Бараев көшесі бойында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған көпірде болған.
2011 жығлы туған бала лифт ішінде тұрып қалған. Оның дауысын естіген оқиға куәгері 112 нөміріне хабарласқан. Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар кілттің көмегімен лифт есігін ашып, жасөспірімді сыртқа шығарып алды. Балаға медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.
Осыған байланысты ТЖМ лифт ішінде қалып қойған жағдайда келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:
-
сабыр сақтап, айналаңыздағы адамдарды тыныштандыру;
-
диспетчерге немесе 112 нөміріне хабарласу;
-
барлық түймелерді қатарынан баспау;
-
лифт есігін өз бетіңізше ашуға тырыспау;
-
барлық қолжетімді байланыс құралдарын пайдалану.
