4,1 млн теңге: Алматыда автобус ішінде ұрлық жасаған әйел ұсталды

Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдікпен бір әйелді ұстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің автобус ішінде жолаушының сөмкесінен жасырын түрде ұлттық және шетел валютасындағы қаражат, сонымен қатар алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды. Материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің қылмысқа қатысы толық дәлелденді. Тінту кезінде ұрлық фактісін растайтын заттай дәлелдемелер, оның ішінде ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің кінәсі қоғамдық көлік салонында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен де расталды. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да