Тоқаев Испания короліне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сонымен қатар ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған, — делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да