Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Бұл туралы Ерлан Қарин айтып отыр.
Президент конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді еліміздің азаматтары жалпыхалықтық референдумда қабылдайды деп нақты айтты, – деген ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енетінін айтқан.
