Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, оның өкілеті вице-президентке берілмек. Бұл туралы президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Жиенбай айтып отыр.
Президенттің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілетін вице-президентке жүктеу ұсынылып отыр. Вице-президент өкілетті ала алмаған жағдайда, ол құрылтай төрағасына беріледі. Құрылтай төрағасы оны атқара алмаса, премьер-министрге жүктеледі, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында президент отставкаға кеткен жағдайда екі ай ішінде сайлау өткізуді ұсынған.
