Танымал футболшы Виктор Мозес Қызылорданың «Қайсар» футбол клубына ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Қайсар» футбол клубы Instagram-парақшасына видео жариялаған. Видеодан клуб қызметкерлері жаңа ойыншыны Қызылорданың әуежайынан күтіп алып жатқаны байқалады.
Виктор Мозес – Нигерияда дүниеге келген футболшы. Ол «Кристал Пелас», «Челси», «Ливерпуль», «Интер» сияқты әлемге танымал футбол клубтарында доп тепкен.
