Әйгілі The Kills дуэті Алматыға келеді: билеттер сатылымда

Танымал The Kills дуэті 21–23 тамыз аралығында өтетін Park Live Almaty фестивалінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Freedom Ticketon хабарлап отыр.

Минималистік пост-панк стилімен танылған америкалық вокалист Элисон Моссхарт пен британдық гитарист Жейми Хинстен құралған дуэт электро және акустикалық гитараның, драм-машинаның ырғақты үнімен және әсерлі вокалымен әлемдік аудиторияны баурап келеді. The Kills өз стилінен айнымай, тыңдарманын алғашқы секундтан-ақ баурап алатын ерекше атмосферасымен танымал.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, The Kills-тің Алматыға келуі Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін маңызды мәдени оқиға болады. Өткен жылы Park Live Almaty фестиваліне 40 мыңнан астам көрермен қатысқан.

Айта кетейік, фестиваль аясында аты аңызға айналған Jack White, Gorillaz топтары, сонымен қатар қазақстандық талантты музыканттар да өнер көрсетеді.

Park Live Almaty фестивалінің билеттері Freedom SuperApp арқылы кэшбекпен сатылып жатыр.