Басты бет / Жаңалықтар /
қылмыстық топ
Фото: ҚР ҰҚМК

Қырғызстан азаматтары Қазақстанда уебкам-студиялар ұйымдастырған

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бішкек қалалық полициясымен бірлесіп, интернет арқылы жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастырды деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Тергеу дерегінше, күдіктілер Бішкек пен Қазақстан аумағында уебкам-студиялар желісін ұйымдастырып, Chaturbate, Stripchat және BongaCams платформаларында тікелей эфир жүргізген. Заңсыз табыс криптовалюта арқылы Binance әмияндарына аударылып отырған.

Тінту кезінде уеб-камералар, компьютерлер, жарық құрылғылары мен эротикалық костюмдер тәркіленді. Қазір іске қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook