Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтау – Бейнеу автожолында болған жол-көлік апатынан зардап шеккендердің жағдайын жариялады.
Басқарманың мәліметінше, жалпы 42 адам Бейнеу көпбейінді аудандық ауруханасына жеткізілген.
Олардың ішінде төрт адам жансақтау бөлімінде, 13 адам травматология бөлімінде, қалғандары амбулаторлық емге жіберілді. Барлық пациентке қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 16 қаңтарда сағат 01:03 шамасында Маңғыстау облысында автобус апатынан төрт адам қаза болды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.
