Не болды?
Атырау әуежайындағы ұшу-қону жолағының ілінісу деңгейі төмен. Соған байланысты Air Astana-ның 15 қаңтардағы Атыраудан және Атырауға қатынайтын кешкі рейстері 16 қаңтарға ауыстырылды. Бұл туралы әуе компаниянның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Уақыты ауысқан рейстер мыналар:
- КС 983/984 Астана-Атырау-Астана рейсі;
- КС 885 Алматы-Атырау рейсі;
- КС 878 Атырау-Алматы рейсі;
- Ақтауға қайта бағытталған КС 904 Амстердам-Атырау рейсі.
Компанияның хабарлауынша, кешіккен рейс жолаушыларына тамақ пен сусын беріліп жатыр. Рейс мәртебесін компания сайтынан немесе мобайл қолданбасынан қарап отыру керек.
Контекст
Естеріңізге салайық, Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылғандықтан, бірқатар тұрақты және чартерлік рейс маршруттары өзгергенін хабарлаған еді.
