2026 жылғы 28 қаңтар күні Лондондағы Emirates Stadium стадионында УЕФА чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» кездеседі.
Матч жергілікті уақыт бойынша, сағат 20:00-де басталады, ал Қазақстан уақытымен ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де көрермен назарына ұсынылады.
Қонақ жанкүйерлерге арналған сектор билеті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобайл қолданбалары арқылы сатылып жатыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сатып алынған билет қайтарылмайды.
Еске салайық, маусым аяқталғандықтан «Қайрат» бразилиялық шабуылшы Жоао Пауломен, қақпашы Александр Заруцкиймен де қоштасты. Қорғаушы Дамир Қасаболатпен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты.
