Елімізде мобильді интернетті арзандатуды талап еткен петиция жарияланды

Не болды?

Елімізде мобильді интернет тариф құнын төмендетуді және ұялы байланыс қызметтерінің бағасына мемлекеттік реттеуді қайта енгізуді талап ететін петиция жарияланды.

Мәлімет

Петицияны Усман Асанов деген адам жариялаған. Өтініш бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен цифрлық даму министрлігіне бағытталған.

Петиция авторының жазғанына қарағанда, ұялы байланыс операторларының қазіргі құны қарапайым халық үшін тым қымбат. Автордың айтуынша, компаниялар жабдық сатып алып жатырмыз, салық өсті дегенді сылтауратып, тарифтік жоспар бағасын жыл сайын көтереді. Ал байланыс сапасы жақсармайды.

«Операторлар сөз байласып алған»

Нарық өзін-өзі реттесе, осылай болады. Шынайы бәсеке жоқ, содан операторлар бірлесіп әрекет етіп отыр. Нарықтағы барлық оператор бағаны бір уақытта көтереді. Бұл азаматтарды таңдау мүмкіндігінен айырады және баға бойынша сөз байласып алғанын білдіреді, – деп жазылған петицияда.

Петицияда мемлекеттік қызметтің, онлайн-банкиңнің және білім берудің цифрландырылуын ескере отырып, интернетке қол жеткізу артықшылық емес, негізгі қажеттік екені жазылған.

Тағы қандай талап бар?

  • қолданыстағы тарифтер бағасын қызмет көрсету сапасына және халықтың сатып ала алу шамасына сәйкес келетін деңгейге төмендету;
  • ұялы байланыс пен интернетті әлеуметтік маңызы бар қызмет деп тану;
  • Қазақстандағы және басқа елдердегі байланыс бағаларына ресми салыстырмалы талдау жүргізу;
  • ҚҚС-ның көтерілуін сылтауратып тарифтер бағасын көтеруге тыйым салу;
  • қызмет көрсету сапасы төмен болған кезеңдер үшін абоненттерге өтемақы төлеу.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да