Алматыда метро құрылысы үшін 3 аудандағы үйлер бұзылады

Не болды?

Алматыда жаңа метро желісінің құрылысы басталады. Соған орай, Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында жер телімдері сатып алынып, бірқатар үй бұзылады. Бұл туралы krisha.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Желінің жалпы ұзындығы 14 шақырым болады. «Жібек Жолы» станциясынан басталып, Алматы әуежайының маңына дейін созылады. Яғни, Гоголь көшесі бойымен орталық паркке, содан кейін автокөлікке арналған шығыс айналма жолы және Құлжа трактісі арқылы әуежайға дейін барады.

Алматыдағы жаңа метро желісінде мына сегіз станция болады. Олар:

  • «Жібек Жолы»;
  • Орталық мәдениет және демалыс паркі ауданы;
  • Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолының қиылысы;
  • «Халық Арена» спорт кешені;
  • «Шығыс» тасымал ауысу орталығы;
  • «Апорт-2» сауда орталығы;
  • Нұршашқан шағын ауданы;
  • Әуежай жанындағы соңғы станция.

Жер телімдері мен ғимараттардың нарықтағы бағасы есептеліп, меншік иелеріне өтемақы төленеді. 2028 жылдың соңына дейін жер учаскелерін толық сатып алу жоспарланып отыр. Барлық сұрақ бойынша меншік иелері Алматы қаласы, Төле би көшесі 155 мекенайындағы 602-кабинетке бара алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы әкімі метро құрылысын уақытында аяқтауды тапсырған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да