АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатты. Тізімде Қазақстан да бар

Трамп әкімшілігі 75 мемлекеттің азаматына АҚШ-қа қоныс аударуға арналған иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты. Бұл елдердің қатарында Қазақстан да бар.

NBC News мәліметінше, бірқатар елдің азаматтары «америкалық салық төлеушілер есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды шамадан тыс пайдаланған» деп танылған.

Шектеу тек АҚШ-та тұрақты тұруды көздейтін шетел азаматтарына арналған иммиграциялық визаларға қатысты енгізілді. Ал туризм, оқу, уақытша жұмыс, сонымен қатар футболдан әлем чемпионатына байланысты берілетін визалар бұл тыйымға кірмейді.

Иммиграциялық виза беруге тыйым салынған елдер тізіміне Ауғанстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Бразилия, Египет, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Судан, Сирия, Сомали және тағы басқа елдер енген. Жалпы саны — 75 мемлекет.

Айта кетейік, бұған дейін де Трамп әкімшілігі кей елдерге қатысты иммиграциялық шектеулер енгізген. 2024 жылғы желтоқсан айында 19 мемлекеттің азаматтарының иммиграциялық өтініштері уақытша тоқтатылған болатын.