Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін, 12 қаңтар күні Астанада екінші ауысымдағы бастауыш класс оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды.

Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы хабарлап отыр.

2026 жылғы 12 қаңтарда Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 класс оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғып тұр.