2026 жылы Қазақстан азаматтарына кепілді зейнетақысы мен жәрдемақыларын төлеу үшін үкімет бюджеттен 6 триллион 783 миллиард теңге ақша алады.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Бұл ақшаның 4 триллион 890 миллиард теңгесі – зейнетақыға, ал 1 триллион 893 миллиард теңгесі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады. Қалған ақша мүгедектігі бар азаматтардың протезі мен оңалту шараларына бағытталуға тиіс, — делінген хабарламада.
