Қазақстанда жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келген

Қазақстанда жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Қазақстан перзентханаларында жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Оның ішінде Ақтөбе облысында егіздер дүниеге келді, – делінген хабарламада.

Ең көп сәби дүниеге келген өңірлер ішінде Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Астана және Алматы бар.