Түркістан облысында отшашудан 2 бала жарақат алды

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында отшашу қолдану салдарынан екі бала зардап шекті. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлап отыр.

Оқиға жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер пиротехникалық бұйымдарды ересектердің бақылауынсыз пайдаланған.

Комитеттің мәліметінше, зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ауруханаға жеткізіліп, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Ведомство Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, еліміздегі барлық білім беру ұйымына түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ресми хат жолдағанын атап өтті.

Сонымен қатар елді мекендер аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынғаны ескертілді. Егер заң бұзушылықты 16 жасқа толмаған бала жасаса, ата-анасына немесе заңды өкіліне 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да